• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік комиссия ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеудің логотипін бекітті

Мемлекеттік комиссия ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеудің логотипін бекітті

6 Сәуір, 2016 13:34
Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуді өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеудің логотипі бекітілді.

«Сарапшылық деңгейде Тәкелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеудің логотипі қаралды. Оның Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған болатын», - деді Мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіқалықова атап өткендей, Тәуелсіздіктің мерейлік мерекесін тойлау келесі «зәкірлі құндылықтарға» негізделген: еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену. Әр ай сайын Тәуелсіздік жетістігі мен «Мәңгілік ел» құндылықтарын насихаттаумен өтеді.

Г.Әбдіқалықова атап өткендей, Тәуелсіздіктің мерекесін тойлау қазақстандықтардың мемлекеттік құндылықтарды, патриоттық сезімді тереңінен түсінуге мүмкіндік береді.

«Тәуелсіздік мерей тойы қазақстандық қоғамның нығаюына, Елбасының стратегиялық бағыты аясында топтасуға жұмыс істеуі керек», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар