• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіқалықова: Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойын атап өтудің маңызды өлшемі жаппай халықты қамту болып табылады

Г.Әбдіқалықова: Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойын атап өтудің маңызды өлшемі жаппай халықты қамту болып табылады

6 Сәуір, 2016 13:21
Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойын атап өтудің маңызды өлшемі жаппай халықты қамту болып табылады, деп ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында айтты.

«Тәуелсіздік мерейтойын атап өту аясында білім беру жүйесінде ұйымдастырушылық жұмысқа ерекше қарау керек. БҒМ аймақпен бірге жас ұрпақты, жастар ұйымдарын қала мейрейтойына қатысуға жұмылдыру керек. Барлық оқу орындары жоспарланған іс-шараларға студенттердің қатысуын қамтамасыз ету қажет»,-деді ол.

Мемлекет хатшысының ойынша, басты бағыт аймақтарда тойлау болып табылады және ол жердерде Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын атап өту бойынша аймақтық іс-шаралар жоспарын дайындау керек және оның барлығын Мәдениет министрлігімен келісу керек.

«Сондай-ақ, оқиғалар қатарын көбейтуден алшақ болуымыз керек, ең маңызды өлшем жаппай халықты қамту болып табылады»,-деді Мемхатшы.

Мемхатшы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтуге орай, ақпараттық-имидждік қолдау ұйымдастыруды тапсырды.

Оның айтуынша ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да аталмыш бағыт бойынша біршама тәжірибе жинаған. Осы жұмысты жыл бойы жалғастыру керек.

«Міндетті түрде жаңа ашылған өнеркәсіптерді, құрылған жаңа жұмыс орындарын кең түрде жариялап отыру керек. Ақпараттық-имидждік қолдау материалдарын, инфографика, диаграмма әзірлеу керек»,-деді ол.

Өз кезегінде ҚР СІМ Тәуелсіздікке арналған ақпараттық-имидждік жұмысты шетелде жасауды ұсынды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар