• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ротация жасалған қызметкерге міндетті түрде тұрғын үй беру көзделеді – сарапшы

Ротация жасалған қызметкерге міндетті түрде тұрғын үй беру көзделеді – сарапшы

6 Сәуір, 2016 13:19
Ротация жасалған қызметкерге міндетті түрде тұрғын үй беру көзделеді, деді Бас прокуратура Кадр жұмысы департаментінің аға прокуроры Рүстем Құдабаев.

«Төртінші қадамды орындау бойынша прокуратура органдары сәл алда келе жатыр, бізге қызметке кірудің сынақ мерзімі бір жылға дейін болып белгіленген, тек сосын ғана жас маман әрі қарай аттестаттаудан өтеді, содан кейін бірінші сыныптық шенді беруге ұсынылады. Бұл шешім неғұрлым даярлығы күшті, әртүрлі жағдада өз бетінше жұмыс істеуге қабілетті мамандарды қызметте қалдыру мәселесіне мұқият қарауға мүмкіндік береді», - деді Р.Құдабаев.

Оның айтуынша, алғаш рет жұмыс стандарты енгізілетін болады, бұл стандарттар барлық жұмыстағы процестерді реттейді және қызметкердің жұмысының нәтижелерін өлшеуге, нақтылауға мүмкіндік беретін болады, қол жеткізген жетістіктерден еңбек ақысы тәуелді болады.Біздер мұны нәтижелеріне қарай еңбекақы төлеуге өтуді белгілейтін алтыншы қадамның ережелерін жүзеге асыру мақсатында әзірледік.

«Сегізінші қадамды жүзеге асыру шеңберінде облыстық және аудандық деңгейдегі басшыларды әрбір бес жыл сайын жоспарлы түрде ротациялау жүргізіледі және ротация жасалған қызметкерге міндетті түрде тұрғын үй беру көзделеді. Бұл үшін прокуратура органдарында ведомстволық тұрғын үй қоры (103 бірлік) қалыптастырылды», - деді ол.

Ұлт жоспарының тоғызыншы қадамында мемлекеттік қызметшілерді кәсіби біліктілігін көтеру үшін тұрақты түрде оқыту қарастырылған. Осы тапсырманы орындау Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдарының академиясына жүктелген.

Аталған факторлардың жиынтығы кадрлармен жұмыс жасаудың сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді және Мемлекет басшысының қызмет бойынша жоғарылату кезінде меритократия қағидасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындауды қамтамасыз етеді.

 

 

Барлық жаңалықтар