- Басты
- Жаңалықтар
- Бәсекелестіктің көрсеткіші прокуратура қызметкерлерінің мансаптық жолында байқалады
Бәсекелестіктің көрсеткіші прокуратура қызметкерлерінің мансаптық жолында байқалады
«Мемлекет басшысының заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы институттық реформалар аясында жүзеге асырылып отырған Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасының ережелерімен толықтай сәйкес келеді», - деді ол.
Мемлекет басшысы 2015 жылғы 29 қазанда қол қойған құқық қорғау қызметін жетілдіру мәселесі туралы заңмен кәсіби кадрлар құрамын қалыптастыру жөніндегі міндеттерге қол жеткізуге бағытталған кадрлық процестерге бірқатар жаңа тетіктер енгізілді.
Прокуратура органдарына қызметке кіру (бірінші қадам) бүгінде төменгі тұрған лауазымнан басталады – біліктілік талаптарымен бос лауазымға орналасу үшін барлық шарттар нақты регламенттелген.
Ең алдымен барлық кадрлық процестерді ғылымға негізделген әдістермен жоспарлау мен болжауды іске асыру көзделіп отыр. Жұмсалатын қаражат пен күштерді үнемдеу мақсатында, қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу мен оларды алдын ала зерттеу конкурс жариялағанға дейін жүргізілетін болады.
Кадрларға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін Мамандықтардың тізбесіне қарай қызметкерлерге деген қажеттілік жоспарланатын болады.
Прокуратура органдарында кадрлық резервті қалыптастыруға көзқарас елеулі түрде өзгерді. Бұдай былай резерв екі жолмен қалыптасатын болады: аттестаттау нәтижесі және қызмет тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша.
Сонымен бірге резервте тұрғандар үшін ведомстволық мәліметтер қоры құрылады, бұл қорда бос тұрған басшы лауазымдар туралы және оған орналасу үшін кандидатқа қойылатын талаптар туралы нақты мәліметтер көрсетіледі.
«Тағы да бір инновациялық жаңалықтардың бірі, ол бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін енгізу болып табылады (меритократия қағидасы). Ендігі жерде бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші жоғары қызметкерлер ғана қызмет бабында жоғарылайтын болады. Бұл көрсеткіш әрбір қызметкердің тиімді жұмыс жасап отырғанын көрсететін белгілі бір индикаторлар арқылы есептеп шығарылады», - деді Р.Құдабаев.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Бас анитар дәрігер: Вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші артуда -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
Бас прокуратура: Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі -
Қазақстандағы эпидахуал: ауру жұқтырғандар көрсеткіші, вакцинациялау науқаны, бизнеске арналған мобильді қосымша -
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай -
Қазақстан өңірлеріндегі эпидахуал: Вирус жұқтыру көрсеткіші өсті -
Қазақстандықтардың жыл сайынғы балық тұтыну көрсеткіші төмен -
ИНФОГРАФИКА: Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылық көрсеткіші қаншалықты артты -
Бердібек Сапарбаев: Медицина қызметкерлерінің жетіспейтіндігі сезіліп жатыр