- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізудің шаралар жоспарын мұқият әзірлеуді тапсырды
Мемлекеттік хатшы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізудің шаралар жоспарын мұқият әзірлеуді тапсырды
«Президент жарлығымен 2016 жылғы 28 наурызда тиісті комиссия құрылып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеудің «Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы» тұжырымдамасы, Мемлекеттік комиссия туралы ереже мен оның құрамы бекітілді», - деді Г.Әбдіқалықова.
Г.Әбдіқалықова өз сөзінде Мемлекет басшысының: «Тәуелсіздік жылдары республикамыз тарихи даму тұрғысынан ғажайып серпіліс жасады. Біздің Қазақстан – Ұлы Дала Елі, Жаңғырған Ұлы Дала Елі! Бұл біздің асқақ аңсарымыз әрі ерекше мақтанышымыз!» деген сөзіне тоқталып өтті.
Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу мемлекеттіліктің одан әрі нығаюына, халықтың бірлігі мен барлық қазақстандықтың «Мәңгілік Ел» құндылықтары аясында топтасуына мүмкіндік беретіндігін айтты.
Сондай-ақ ол Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеу бостандық, бірлік, тұрақтылық, жасампаздық, өркендеу сияқты «арқаулы құндылықтарға» негізделетініне ерекше мән берді. Әрбір ай Тәуелсіздіктің жетістіктері мен «Мәңгілік Ел» құндылықтарының біріне арналатын болады.
Отырыс барысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі өзара іс-қимыл мен мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестірудің негізгі мәселелері талқыланды.
Отырыс аясында Мемлекеттік комиссия мүшелері мен шақырылған қонақтар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тарихы: Қазақстан жолының қарышты қадамдары» атты деректі фотокөрменің ашылу рәсіміне қатысты.
Отырысты қорытындылаған Мемлекеттік хатшы жоспарланып отырған іс-шараларды сапалы әрі уақтылы іске асыру қажеттігін айтып, жұмысты әрі қарай ұйымдастыруға байланысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары