• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында 9 түрлі сүт өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылуға дайын

Жамбыл облысында 9 түрлі сүт өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылуға дайын

6 Сәуір, 2016 17:21
Жамбыл облысында 9 түрлі сүт өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылуға дайын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы, Меркі ауданының әкімі Көпбосынов Бахтияр Бейсембайұлы айтты.

Бахтияр Көпбосыновтың сөзіне сүйенсек, ауданымыздың сапалы сүт өндіру, асыл тұқымды мал басының үлес салмағын арттыруға «Бахор», «Талды бұлақ», «Олжа», «Жайлау», «Нарт» атты шаруа қожалықтары қомақты үлесін қосып отыр.

Сонымен қатар жеке кәсіпкер Азиз Хейроев  сүт өнімін өңдейтін шағын зауыт қондырғыларын 18 млн теңгеге орнатып, 9 түрлі сүт өнімін шығаруға дайын, жақын уақытта салтанатты түрде ашылуы жоспарлануда.

 

Барлық жаңалықтар