• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіқалықова: ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойы – бұл Қазақстан дәуіріндегі ұлт өрлеуінің айтулы белесі

Г.Әбдіқалықова: ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойы – бұл Қазақстан дәуіріндегі ұлт өрлеуінің айтулы белесі

6 Сәуір, 2016 12:31
Тәуелсіздіктің мерейтойы қазақстандық қоғамды нығайтуға септігін тигізеді, бұл 2016 жылдың ғана оқиғасы емес, шын мәнісінде Қазақстан дәуірінде ұлт өрлеуінің айтулы белесі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында айтты.

«Қазақстан Республикасының 25 жылдық Тәуелсіздігі – Қазақстан өміріндегі айтулы тарихи оқиға,шын мәнісінде қазақстандық дәуірде ұлт өрлеуінің айтулы белесі»,-деді Мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіқалықова Қазақстан әлемдік экономикалық дағдарыстың ауыр көріністерімен тұспа-тұс келді және біз дағдарыстың үлкен мүмкіндік екендігін ұмытпауымыз керектігін атап өтті.

«Жалпы, мерейтойды атап өту барысында қазақстандықтарды нығайтуға, мемлекеттік құндылықтарды, патриоттық сезімді қалыптастыруға, жаңа мәртебелер мен жеңістерге бет бұруға бағытталу керек»,-деді ол.

«Тәуелсіздік мерейтойы қазақстандық қоғамды нығайтуға өз септігін тигізу керек және мемлекеттік органдар толығымен оны басшылыққа алуы тиіс»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар