- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Ақтөбе облысында бүйрек пен бауыр трансплантологиясы бойынша 15 ота жасалады
Биыл Ақтөбе облысында бүйрек пен бауыр трансплантологиясы бойынша 15 ота жасалады
Оның айтуынша, аймақта терминалды бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастарға көмектесу бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2014 жылдың қараша айынан бастап туыс донорлардан бүйрек трансплантациялау бойынша операциялар жасала бастады.
«Ақтөбеде бірінші рет бүйрек ауыстыру бойынша ота Оңтүстік Кореядан келген жетекші маман, профессор Вонг Ли мен профессор Жақсылық Досқалиевтің қатысуымен жасалды. Бүйректі алмастыру бойынша 8, бүйректі ауыстыру бойынша 2 ота жасалды. 2016 жылы 5 бүйрек алмастыру және 10 бауыр алмастыру бойынша операция жасалады», - деп атап өтті Әсет Қалиев.
Айта кету керек, облыс әкімдігінің қолдауымен, көрсетілетін медициналық қызмет сапасын халықаралық деңгейге дейін арттыру мақсатында өткен жылдан бері халықаралық ынтымақтастық арта бастады.
Мәселен, 2015 жылы Оңтүстік Кореяның «Кангнам Северанс» госпиталімен дәрігерлер және стажерлар алмасу, мамандарды оқыту, телемедицинаны дамыту, консилиум, ауыр диагностикалық жағдайларда емдеу тактикасын таңдау бойынша меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында ақпан айында Оңтүстік Кореяның «Гангнам Северанс» емханасының профессоры Чанг Хэнг Сеока Ақтөбеде қалқанша қызметінің бұзылуына байланысты пациенттерге 6 ота жасап, 60-тан астам ақтөбелікке кеңес берді.
Қаңтар айында Ақтөбе облысының әкімі мен Түркияның «Hemogens Health Care» компаниясы арасында жедел дәрігерлік көмек жүйесін дамытуға қатысты меморандумға қол қойылды. Дәлірек айтқанда, Ақтөбеде жедел дәрігерлік жәрдем орталығы салынып, реанимобильдер сатып алынады, Бірегей диспетчерлік орталық ашылып, жедел жәрдем автомобильдерін құрастыру зауыты іске қосылады, сонымен бірге онкологиялық науқастарды емдейтін дәрілік препараттар өндірісі жолға қойылады.
Алдағы 8 жыл ішінде «Hemogens Health Care» 5,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция құяды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген