- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық әскери химиктер шешуші іріктеуге дайындалуда (ФОТО)
Қазақстандық әскери химиктер шешуші іріктеуге дайындалуда (ФОТО)
Бұл күндері Қапшағай қаласындағы 65476 әскери бөлімінің базасында ҚР ҚК Құрлық әскерлері құрамында үздік экипаждарды іріктеуде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан атынан шығатын үздік экипаждар іріктелініп алынады. Байқауға өңірлік қолбасшылық бөлімдерінің ауқымында сайыстың өткізілуі барысында іріктелінген үздік экипаждар тартылады.
Яғни, 35804 әскери бөлімінен 4 есептоп және 10810 мен 27943 әскери бөлімдерінен бір-бір есептоптан қатыстырылады. Байқаудың алғашқы күні қатысушылар медициналық тексеруден өтіп, бағдарды еңсеру сызбаснұсқасы мен іс-қимыл тәртібін алды, сондай-ақ АРД жолағында жаттығулар орындады. Әскери қызметшілер байқаудың үш кезеңінен, яғни, жеке жарыс, эстафета және атыс даярлығынан өтеді.
«РХБҚ әскерлері әскери қызметшілерінің алдында жергілікті жерде уландырғыш заттарды, азық-түлікті, техниканы айқындау бойынша біршама тапсырма тұр. Ол үшін бізде арнайы техника, машиналардағы аспаптар бар. Біз ауаның радиобелсенді жұқтырылуын, биологиялық тұрғыда ауада, жер қыртысында, тіпті жәндіктерде анықтай аламыз. Байқау алдында біраз толқып тұрмыз. Алайда, алғаш рет қатысып тұрсақ та, жеңісті қолдан бермейміз», - деп 35804 әскери бөлімінің бөлімше командирі сержант Ринат Седых радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлеріндегі қызметтің ерекшеліктері туралы айтып берді. 35804 әскери бөлімінен байқауға іріктелініп алынған экипаждарды дайындаған және қатыстырған батальон сержанты 2-сыныпты сержант Ерболат Бүргенов.
Қазақстан Қарулы Күштері РХБҚ әскерлерінің әскери қызметшілері Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Қауіпсіз орта» байқауына тұңғыш рет қатысқалы отырғанын айта кетейік.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды