• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту жөнінде алғашқы Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті (ФОТО)

Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту жөнінде алғашқы Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті (ФОТО)

6 Сәуір, 2016 11:32
Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен Мемлекеттік комиссияның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту жөнінде Мемлекет басшысының 2016 жылғы 28 наурыздағы Жарлығына сәйкес алғашқы отырысы өтті.

Президент Жарлығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға байланысты «Бірлік пен Жасампаздыққа 25 жыл» деп аталатын Концепция бекітілген болатын.

Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы Мемлекет басшысының айтқан сөзін еске салды: «Тәуелсіздік жылдарында біз тарихи дамудың таң қаларлық серпілісін жасадық. Біздің Қазақстан Ұлы дала Елі, Ұлы даланы түрлендірген Ел! Бұл біздің ұлы құндылығымыз және біздің зор мақтанышымыз!».

Г.Әбдіхалықованың айтуынша, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау болашақта да мемлекеттілігіміздің нығаюуына мүмкіндік береді. Халық бірлігі мен барлық қазақстандықтардың шоғырлануы «Мәңгілік Ел» маңайындағы құндылық.

Отырыс аясында Мемлекеттік комиссия мүшелері мен шақырылған қатысушылар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тарихы: қазақстандық жолдың даму қарқыны» атты фотоқұжаттық көрменің ашылу салтанатына куә болды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар