• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚХА депутаттық тобының мүшелері халықпен 900-дей кездесу өткізді – Н.Нестерова

ҚХА депутаттық тобының мүшелері халықпен 900-дей кездесу өткізді – Н.Нестерова

19 Қараша, 2013 14:26
ҚХА депутаттық тобының мүшелері халықпен 900-дей кездесу өткізді , деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Надежда Нестерова.

«Біз республиканың барлық облысы мен өңіріндегі 428 елді-мекенді аралап, шамамен 900-дей кездесу өткіздік. Бұл кездесулерде ҚР Парламенті Мәжілісінің заң шығару жұмысын ғана айтып қоймай, ҚХА депутаттық тобының жұмысы жайлы да мағлұмат береміз», - деді Н.Нестерова.

Спикердің айтуынша, депутаттар халықпен кездесу барысында ҚХА хатшылығы тарапынан өткізіліп жатқан маңызды жұмыстарды айтып, Қазақстан халқы Ассамблеясының өткен сессиясында Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындауға бағытталған жұмыстарды да таныстарады.

«Статистикаға сүйенсек, көптеген әйел азаматшалар тұрғын үйге қол жеткізу немесе осы мақсаттағы өзге де жолдарға қатысты сұрақтармен келеді. Сонымен қатар, көптеген нәзік жандылар әлеуметтік жәрдемақы алу туралы мәселелерді қозғайды», - деді халық қалаулысы.

Н.Нестерованың айтуынша, зейнетақы жайлы заң жобасы мәселесі, соның ішінде зейнеткерлік жасты көбейту мәселесі қоғамда пікір алуандығын туғызғанда халықтан көптеген сауал келіп түскен.

«Бұл үндемей қалуға болмайтын өте маңызды мәселе», - деді депутат.

Барлық жаңалықтар