- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысынан 300 жәдігер Ұлттық музейге тапсырылды (ФОТО)
Ақтөбе облысынан 300 жәдігер Ұлттық музейге тапсырылды (ФОТО)
Іс-шараның салтанатты ашылуында сөз алған Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов акцияға атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіре келе, Ұлттық музейдің жұмыстарына сәттілік тіледі.
“Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Сондықтан да «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы ұлттық идеалогияны, оның ішінде «Мәңгілік ел» идеясын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған ерекше шара. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналып жатқан жәдігерлер қазақ тарихының куәгері іспетті. Оның барлығы да келешек ұрпақ үшін аса қажет. Ақтөбе облысы әкімі атынан осы іс-шараға белсенді түрде қатысып жатқан барлық азаматтарға алғыс білдіремін”, - деді А.Шериязданов.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорларды жинақтау, есепке алу және сақтау қызметінің басшысы Рыскүл Ескендірқызы «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы туралы айта келе, барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директоры Дархан Мыңбайдың атынан алғыс хаттар табыстады.
“Осыдан бір жыл бұрын «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы Елордамыз Астана қаласынан бастау алған еді. Одан кейін аталмыш шара Алматы және Қызылорда қалаларында өтіп, Ұлттық музей қорына мыңнан астам жәдігер тапсырылды. Ендігі кезек, міне, Бердібек Машбекұлы басқарып отырған Ақтөбе өңіріне келіп жетті. Нәтижесінде 300-ге жуық жәдігер жиналды. Осыншама мұраны жас ұрпаққа көрсете білуіміз керек. Ұлттың рухы, болмыс-бітімі, ата танымы көп нәрседен биік тұрады және оның құны алтынмен де, басқамен де өлшенбейді. Осы идеологияны бойына сіңіріп өскен балалардан ертең намысты қолдан бермейтін үлкен азаматтар шығады”. - деді Р.Ескендірқызы.
Құдайберген Жұбанов, Нұрпейіс Байғанин, Әлия Молдағұлова, Марат Оспанов, Қадірәлі Ержанов сынды ұлтымыздың біртуар перзенттерінің ұрпақтары құнды жәдігерлерді табыстаса, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы, ҚР білім беру ісінің үздігі Ғалымжан Байдарбес, ақтөбелік жас миллионер Марат Жақсылықұлы, мәдениет қайраткері Қайырғали Қожамбаев, бокстан Азия және Әлем чемпионы Галиб Джафаров, қазақша күрестен Азия және Әлем чемпионы Бақтыбай Қисықов, самбо және дзюдо күресінен Азия және 2 мәрте Әлем чемпионы Райса Байлиева, гір көтеруден 12 мәрте әлем чемпионы Евгений Гончаров секілді облыс мақтаныштары Ұлттық музей қорына жеке заттарын тапсырды.
Кенбай Жәдігер, Хайруллин Орынғали, Сухотина Евгения, Габдрахманова Марат, Жақыбаев Нұрлан, Жаханов Мақсұт, Корват Александр, Атраубаев Болат, Абилов Ерқосай, Ноғаев Қайрат, Аязбаева Гүлден, Верещагин Алексей, Телеушов Таймас секілді талантты суретші-мүсіншілер Ұлттық музейге шығармашылық туындыларын тарту етті.
Сонымен қатар, аталмыш акцияға жергілікті кәсіпкерлер де белсенді түрде қатысты. Атап айтсақ, «Динар-Электромаш» ЖШС Ұлттық музейге XVIII ғасырдың екінші жартысына жататын келі мен келсапты тапсырды.
Шара соңында «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі әннен шашу шашып, мың бұралған бишілер көрерменнің қошеметіне бөленді.
Айта кетейік, «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы 2015 жылы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде салтанатты түрде бастау алған болатын. Акцияға қатысушы өзінің коллекциясындағы құнды жәдігерді, ел тарихына қатысты елеулі мұраны немесе елге белгілі тұлғаның қолданған заттарын музейге сақтауға табыстайды. Барлық сый-тартуларға заңдық негізде қабылдап алу шарты жасалып, олар Ұлттық музейдің қорына өткізіледі. Сый-тартулар негізінде арнайы көрме ұйымдастырылады.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі