Қазақстанда мерекелер ұйымдастыруға арналған мобильдік қосымша жасалды

5 Сәуір, 2016 18:53
Астанада делдалсыз кез-келген мерекені өткізуге көмектесетін алғашқы қазақстадық тегін Toi Driver мобильдік қосымшасының тұсауы кесілді. Toi Driver-дің ерекшелігі қолданушыға көптеген мүмкіндіктер беріледі. Мәселен, ешқандай делдалсыз бағаңызды жазасыз да тапсырыс бересіз. Яғни, сізге әртістер мен жалға берушілер тікелей хабарласатын болады.

«Сіз тек қана тапсырысыңызды жариялайсыз. Ол бір секундта барлық орындаушыларға жетеді. Олар өздері сізге хабарласатын болады. Біз стреотиптерді өзгертеміз»,-деді мобильдік қосымшаны ойлап шығарушылардың бірі Жандос Тұрсынбаев ресми тұсаукесер кезінде.

Авторлардың аталмыш бағдарламаларын дәл бүгінгі таңда 1000-нан астам орындаушылар қолданады.

Алдағы уақытта базаны Қазақстан бойынша 20 мың орындаушыға және 250 мың тапсырыс берушіге толтыру жоспарлануда. Жоба жоспарында еліміздің барлығын, тек үлкен қалаларды ғана емес, жақын аудандарды да қамту бар.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар