- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте “Нұр Отан” партиясы фракциясының алғашқы жиналысы болды
Мәжілісте “Нұр Отан” партиясы фракциясының алғашқы жиналысы болды
Фракция жетекшісі Гүлмира Исимбаева ағымдағы жылдың 24 наурызында Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Саяси кеңес Бюросының отырысында партиялық фракцияға қойған негізгі міндеттерге фракция мүшелерінің көңілін аударды, сондай-ақ Саяси кеңес Бюросы фракция туралы ережені бекіткендігін хабарлады.
Фракция туралы ережеге сәйкес жиналыс Асқар Базарбаев, Ирина Аронова, Нұртай Сабильяновты фракция жетекшісінің орынбасарлары болып сайланды.
Фракция шешімімен фракцияның жанындағы үш консультативтік-кеңесші органдар: Экономикалық саясат жөніндегі кеңес; Әлеуметтік кеңес; Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңестер құрылды.
Экономикалық саясат жөніндегі кеңесті - депутат Бейбіт Мамраев, Әлеуметтік кеңесті - депутат Шавхат Өтемісов, Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесті - депутат Серік Сейдуманов басқаратын болды.
Сонымен қатар, фракция жиналысы «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының жанындағы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ҚР Ұлттық Қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша комиссияның жеке құрамы бекітілді және оның келесі бағыттар бойынша басшылары сайланды:
«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» комиссиясын - депутат Ирина Аронова;
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» комиссиясын - депутат Берік Оспанов;
«Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті пен іскерлік белсенділікті қолдау» комиссиясын - депутат Нұртай Сабильянов;
«Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту» комиссиясын - депутат Мұхтар Тінікеев;
«Агрөнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру» комиссиясын - депутат Жексенбай Дүйсебаев басқаратын болды.
Қазақстан Республикасының Мәжілістегі фракция мүшелерін «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық.» бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар жөніндегі партия хатшысы Наталья Годунова хабардар етті.
Сонымен қатар, отырыста Фракцияның ағымдағы қызметінің мәселелері қаралды.
Жиналыстың жұмысына Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Президент және Үкімет өкілдері қатысты.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
Дәрігер: Қатерлі ісік неғұрлым алғашқы сатыда анықталса, емдеу нәтижелі болмақ
-
Зейнетақы жинақтарын пайдалану: алғашқы нәтиже, үй бағасының қымбаттауы, өтінім қабылдамаудың себептері