• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 1,1 млрд долларды құрады – ҚР АШМ

2015 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 1,1 млрд долларды құрады – ҚР АШМ

5 Сәуір, 2016 16:32
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты соңғы бес жыл ішінде 1,3 есеге өсті және 2015 жылдың қорытындысы бойынша ол 1,1 млдр АҚШ долларына жетті. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылық министрлігі хабарлайды.

«Сіздер білесіздер, біздің еліміз бидайды экспорттайды. Біздің пайымдауымызша азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымын құру жыл сайын бидайды экспорттауды 1 млн тоннаға ұлғайтады»,-деп ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында ҚР ауыл шаруашылығының вице- министрі Ермек Көшербаев айтты.

Ведомствоның ақпараты бойынша, қазіргі күні еліміздегі ауыл шаруашылығының ауданы 200-ден астам миллион гектарды құрайды.

«Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2015 жылы 4,4% -ға өсті және 2,7 трлн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты соңғы бес жыл ішінде 1,3 есеге өсті және 2015 жылдың қорытындысы бойынша ол 1,1 млдр АҚШ долларына жетті»,-деді министр.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар