• Басты
  • ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ғимаратқа шабуыл жасады (ФОТО)
5 Сәуір, 2016 20:43

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ғимаратқа шабуыл жасады (ФОТО)

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Ғимаратқа шабуыл жасау және оны тазарту кезіндегі взвод» тақырыбында взводтық-тактикалық арнайы көрсетілімді оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ғимаратқа шабуыл жасады (ФОТО)

Ғимаратқа шабуыл жасау кезінде жеке құрам қойылған тапсырманы орындай отырып, шартты заңсыз қаруланған құралымды жойды. Аңыз бойынша заңсыз қаруланан құралым Алғабас елді мекенінің екі қабатты ғимаратында орналасты. Әскери қызметшілер объектіге дейін орналасу орнынан марш жасады.

Барлық жауынгерлер ғимараттың айналасында өздерінің бекіністеріне орнықты, атыс бөлімшесі шабуылдау бөлімшесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Белгі алынғаннан кейін шабуылдау басталды. Әскери қызметшілер бірінші және екінші қабатты тазартып, заңсыз қаруланған құралымды жойды. Шартты қарсылас ретінде пейнтбол клубының жауынгерлері шықты. Бөлім әскери қызметшілерінің айтуынша, мұндай оқу-жаттығулар олардың жауынгерлік даярлығы мен оларға берілген тапсырмаларды сәтті орындау шеберлігін арттырады. 

Одан басқа, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері ҚР Құрлық әскерлеріндегі 2016 оқу жылының бірінші тоқсанын алғашқы болып қорытындылағандардың бірі болды. Атыс даярлығының нәтижелері бойынша әскери бөлім командирлері арасында нысанаға дөп тигізіп, 97 ұпай жинаған 25744 әскери бөлімінің командирі полковник Сабыр Каюмов ерекшеленді. Дене даярлығы бойынша 30238 әскери бөлімінің командирі подполковник Дәулет Қашқымбеков жақсы жағынан көрінсе, сержанттар құрамы арасында 1-сыныпты сержант Беглан Бейсалиев жауынгерлік және дене даярлығының үздігі атанды. Қорытындысы бойынша 1-орынды 30238 әскери бөлімі, 2-орынды 25744 әскери бөлімі және үшінші орынды 41321 әскери бөлімі еншіледі. Қамтамасыз ету бөлімдері арасында 86717 әскери бөлімі жақсы жағынан атап өтілді. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар