• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысына аймақаралық кооперация аясында 300 тоннадан астам а/ш өнімі жеткізілді

Ақтөбе облысына аймақаралық кооперация аясында 300 тоннадан астам а/ш өнімі жеткізілді

5 Сәуір, 2016 18:12
Ақтөбе облысына аймақаралық кооперация аясында 300 тоннадан астам а/ш өнімі жеткізілді. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Оның айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақта өз өндірісінің есебінен Ақтөбе қаласының аумағында азық-түлік белдеуін дамыту жұмыстары жүргізілуде. Белдеу өзіне 5 жақын аудандарды қамтиды. Олар: Алға, Мәртөк, Қарғалы, Хромтау және Қобда ауданы.

«Жалпы, 2015-ші жылы Ақтөбе облысында барлық ауыл шаруашылық тауарының көлемі 142,5 млрд. теңгеге артты. Өсім мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімін арттырғанның есебінен көбейіп отыр. Өндірілген өнім көлемінің артуы ауыл шаруашылық саласына мемлекеттік қолдаудың көрсетілгенінің арқасы. Мәселен, облыстың аулышаруашылық тауарын өндірушілерге 15 млрд. теңге субсидия және жеңілдетілген несие берілді»,-деп атап өтті аймақ әкімі.

Бүгінгі таңда облыс халқының негізгі қажеттілігі болып есептелетін азық-түліктер нан, бақша дақылдары, картоп, ет, сүт, жұмыртқа, өсімдік майы жергілікті өндірістің есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Аймақта  2 600 гектарды алып жатқан 394 бақша ұжымдары бар. Қуаттылығы 1 150 тонна болатын жылыжай кешені пайдалануға берілді. 3 мың тонна өнім сыятын көкөніс қоймасы, 3 мың бас малды бордақылайтын алаң, 7 мың тоннадан астам ет өңдейтін ет комбинаты бар. 

Барлық жаңалықтар