2016 жылдың соңына дейін Өскеменде жабық футбол манежі салынады

5 Сәуір, 2016 17:21
2016 жылдың соңына дейін Өскеменде жабық футбол манежі салынады. Бұл туралы «ШҚО ақпараттық орталығында» өткен конференцияда Сәулет, құрылыс және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Мәди Отарбаев мәлімдеді.

Жабық футбол манежі 2016 жылдың соңында ашылмақ. Ол негізгі өңірлік футбол орталығы болады. Облыстық дене шынықтыру және спорт  басқармасы хабарлағандай, футбол орталығы барлық қажетті заңды қамтыған.

Футбол манежі жыл бойы жұмыс істейтін болады. Маусымға байланысты футбол ойындары өтеді.

Айта кетерлігі, 2016 жылы 26 нысанның құрылысы жоспарланған. 22 нысан 2015 жылдан келе жатыр. Қалған 4 нысанға өзге спорт және сауықтыру нысандары жатады. 

Барлық жаңалықтар