• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 26 млрд теңгеге 5569 нысан жария етілді

Астанада 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 26 млрд теңгеге 5569 нысан жария етілді

5 Сәуір, 2016 15:48
Астанада 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 26 млрд 940 млн теңгеге 5569 нысан жария етілді, деді «Астана қаласының қаржы басқармасы» ММ жетекшісі Руслан Досаев қалалық әкімдіктегі конференцияда.

«2014 жылдың 1 қыркүйектен бастап жария етуге өтініштер қабылдана бастады. Астанада азаматтардың қолайлығы үшін әкімдіктің әр ауданынан жария ету бойынша комиссия құрылды. 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Астана әкімдігіне аудандар бойынша 15 мың өтініш келіп түскен», - деді Р.Досаев.

Оның айтуынша, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Астана қаласы бойынша 6403 өтініш тіркелді, оның жалпы құны 81 млрд 534 млн теңге.

«Тіркелген өтініштердің ішінде комиссия 2544 өтінішті мақұлдады. 5569 нысан 25 млрд 940 млн теңгеге жария етілді. Оның ішінде тұрғын нысандары – 17,7 млрд теңгенің 2959 нысаны болса, тұрмайтын нысан – 7,8 млрд теңгенің 2065 нысаны бар. Коммерциялық нысан – 4,7 млрд теңгенің 216 нысаны. Сондай-ақ, азаматтар 60 арнайы декларацияны ұсынды, ол бойынша 127 млрд теңге қаржы жария етілді», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар