• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада сәуір айының соңында ИЫҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі бойынша 7-ші конференциясы өтеді

Астанада сәуір айының соңында ИЫҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі бойынша 7-ші конференциясы өтеді

5 Сәуір, 2016 15:46
2016 жылдың сәуір айының соңында Астана қаласында азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының дамуы бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымдарының министрлер конференциясының 7-ші отырысы өтеді, деп ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында ҚР ауыл шаруашылығының вице-министрі Ермек Көшербаев айтты.

«2016 жылдың сәуір айының соңында Астана қаласында азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының дамуы бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымдарының министрлер конференциясының 7-ші отырысы өтеді, оның аясында азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Бас Ассамблеясының сессия құрылтай өтеді»,-деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, Ислам ынтымақтастық ұйымының құрамына кіретін елдер арасында Қазақстан азық-түлік бойынша ең ірі экспорттаушылардың бірі болып табылады.

ИЫҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі  жөнінде айта отырып, вице-министр ИЫҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігін құру бойынша бастаманы 2011 жылы Астана қаласында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 38-ші сессиясының аясында Мемлекет басшысы айтты.

«Аталмыш ұйым саяси емес, керісінше экономикалық орган. Ұйым ИЫҰ қоамқорлығымен жұмыс істейтін болады»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар