- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада отандық өндіріс мектеп формасының таныстырылымы болды
Астанада отандық өндіріс мектеп формасының таныстырылымы болды
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атап өтуінше, бүгінгі таңда ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастықтың мектеп формасына деген оң көзқарастары байқалып отыр.
«Ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастықтың мектеп формасына деген оң көзқарастары байқалып отыр.Ата-аналардың басым көпшілігі мектеп формасы оқушыларға эстетикалық өң береді, тәртіп болады, дейді. Мектеп формасын киіп жүрген оқушылар біркелкі форма кию ешқандай да жеке қасиетіне шектеу болмайтынын айтады»,-деді Е.Сағадиев.
Мектеп формасынан бөлек көрмеде спорттық формалар, трикотаж бұйымдар, мүғалімдерге арналған киімдер, жоғары сынып оқушылары үшін әскери киімдер де таныстырылды. Мұның барлығы Қазақстанның аймақтарындағы отандық кәсіпорындардан шыққан.
«Мектеп формасының қандай болуы керектігін білім беру ұйымдары мен ата-аналар қоғамдастығының таңдау құқылары бар. Бұл дұрыс деп есептеймін. Әрбір мектеп жалпыға жағымды іскерлік стиль нормасына сай болуы керек»,-деді министр.
Министр атап өткендей, мектеп формасының сәтті нұсқасы оның сыртқы келбеті, қолайлылығы, қауіпсіздігі мен функциональдылығы талапқа сай болуы керек.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді