Испанияда қазақстандық кино күндерінің ашылуы болды

5 Сәуір, 2016 20:27
Барселонада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстандық кино циклінің» салтанатты ашылуы болды. Іс-шараның ұйымдастырушылары Испаниядағы Қазақстан елшілігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Азия Үйі» қоғамдық ұйымы және «CinemesGirona» кинотеатры.

«Қазақфильмнен» хабарлағандай, іс-шараға Қазақстан елшілігінің өкілдері, «Азия Үйі» қоғамдық ұйымы, Барселонадағы консульдік корпус пен қазақстандық студенттер қатысты.

Мұндағы негізгі мақсат Қазақстанның мәдениетін, дәстүрі мен тарихын таныту және Қазақстан мен Испанияның достық қарым-қатынасын нығайту.

«Қазақстандық кино циклі» аясында 19-шы наурыз бен 30-шы сәуір аралығында көрермендер Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ң түсірген мына фильмдерін көре алады: «Голос степи» (реж. Е. Шынарбаев), «Кенже» және «Шал» (реж. Е. Тұрсынов), «Ореховое дерево» (реж. Е. Нұрмұхамбетов), «Дорога домой» (реж. Р. Сүлейменов), қысқаметражды фильм «Сад» (реж. К. Әміржанов), сонымен қатар, «Дешт-и-Кипчак. Тайные знаки» (реж. Б. Қайырбеков) деректі фильмдер.

Фильмдер испандық субтитрмен түпнұсқа тілде көрсетіледі. Сондай-ақ, фильмдер Мадрид пен Валенсиде де көрсетілетін болады.

Барлық жаңалықтар