• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің жұмысын қолдауға ниетті – Е. Каппель

Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің жұмысын қолдауға ниетті – Е. Каппель

19 Қараша, 2013 12:37
Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің жұмысын қолдаға ниетті екендігін Парламент Мәжілісі Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Егор Каппель ОКҚ-нің баспасөз отырысында мәлімдеді.

 «ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігін құру мәселесіне тоқталғым келеді. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл әрбір қазақстандық үшін қажетті құрылым. Себебі оның жұмысы ел халқының әлеуметтік ахуалына байланысты. Біз өңірлердегі Мәслихаттардың депутаттық топтарымен бірлесіп, осы Агенттіктің жұмысына жан-жақты қолдау көрсетпекміз», деді Е.Каппель өз сөзінде.

Атап айтқанда, Парламент Мәжілісі Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Егор Каппель Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің құрылуы және оның жұмысын қолдау мәселесіне тоқталып өтті.

«Мемлекет басшысы ҚХА  тәжірибесін насихаттау туралы атап өткен болатын, партияаралық ынтымақтастықты дамыту мен этникааралық ұйымдардың қарым-қатынастын жақсартуды облыстық мәжіліс деңгейінде қарастыру керек. Мен айтқандай, депутаттық топтар барлық аймақтарда жұмыс істеп жатыр», - деді ол.

Барлық жаңалықтар