• Басты
  • Жаңалықтар
  • БАӘ, ҚХР және Австралия инвесторларының қатысуымен үш ірі өндіріс орны ашылады

БАӘ, ҚХР және Австралия инвесторларының қатысуымен үш ірі өндіріс орны ашылады

5 Сәуір, 2016 19:37
БАӘ, ҚХР және Австралия инвесторларының қатысуымен үш ірі өндіріс орны ашылады.Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады. Аймақ басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының облыста атқарылу барысының аралық қорытындысымен таныстырған болатын.

Бердібек Сапарбаевтың айтуына қарағанда, экспорттық тауарлар өндіру және Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы үшін өнеркәсіп секторына трансұлттық компанияларды жұмылдыру жөнінде шаралар қолға алынуда.

Осыған байланысты аймаөта бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында жылына 1 млн тонна цемент және 500 мың тонна толтырғыш өндіретін инвестиция көлемі $150 млн. доллар болатын цемент заыты бар. Қазіргі уақытта «Хуасинь цемент» корпорациясының жобалаушылары цемент зауыты құрылысы жобасын әзірлеп жатыр.  

“Австралияның «Қазақстан Поташ Корпорэйшн» компаниясы инвестиция көлемі $595,2 млн. долл. болатын қуаттылығы жылына 800 мың тонна калий тыңайтқышы өндірісін қолға алмақшы. Біріккен Араб әмірліктерінің «ПанджаГолдэн Оазис Дженерал Трэйдинг Л.Л.С» компаниясы қуаттылығы жылына 3 мың тонна никель оксиді концентраты мен 123 тонна кобальт оксиді концентратын өндіретін никель зауытына $125 млн.долл инвестиция құюға ниеттеніп отыр”, - деп атап өтті облыс әкімі.  

Инвесторлар ауданы 30 га жер телімін алып, жобаның бизнес-жоспарын әзірлеп қойды. Алдағы уақытта жоба қолға алына бастайды. Бұл жобалар аясында 1600 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Барлық жаңалықтар