- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 2,5 млрд теңгенің шағын фермалар құру жөнінде пилоттық жобалар жүзеге асырылады
Ақтөбе облысында 2,5 млрд теңгенің шағын фермалар құру жөнінде пилоттық жобалар жүзеге асырылады
Ұлт жоспарының 60-61 қадамдары аясында облыс әкімдігі сүт және сүт өнімдері, сонымен бірге ет өндірісін дамытуға стратегиялық инвесторлар тарту жөнінде шаралар қолға алып жатыр. Нақтырақ айтсақ, 2016 жылдың қаңтар айында аыл шаруашылығы министрлігі мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары және трансұлттық «InalcaEurasia» компаниясы арасында жалпы сомасы 100 млн еуро болатын мал шаруашылығындағы аймақаралық кооперация жөнінде келісімге қол қойылды.
Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қуаттылығы 44 мың бас малға есептелген бордақылау алаңын ашу және жұмыс істеп тұрған ет комбинатының қуаттылығын 20 мың тоннаға дейін арттыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Құны 8,2 млрд теңге болатын, жылына 1280 бас сауын сиырдан 11680 тонна сүт өндіретін экспортқа бағытталған ауқымды «Milker» ЖШС жобасын жүзеге асыру басталды.
2015 жылдың желтоқсан айында қуаттылығы жылына 7200 тонна, құны 1,9 млрд теңге болатын «Молочные истории» ЖШС-тің ет комбинаты қолданысқа берілді.
“Жалпы, биыл ет өңдеу көлемін 20 мың тоннадан 28 мың тоннаға, сүт өндірісі көлемін 146 мың тоннадан 162 мың тоннаға, ал суармалы жер ауданын 12 мың гектардан 18,6 мың гектарға көбейту көзделіп отыр. Сонымен бірге Также сомасы 2,5 млрд теңге болатын, 1200 жұмыс орны ашылатын шағын фермалар құру жөнінде пилоттық жоба іске асырылмақ”, - деп қорытындылады Бердібек Сапарбаев.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері