- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ауғанстан 700 мың доллардың сауда келісімін бекітті
Қазақстан мен Ауғанстан 700 мың доллардың сауда келісімін бекітті
В2В форматында өткен екіжақты сессия аясында ауғандық кәсіпкерлердің көріп, сапасына баға берулері үшін жеткізілген қазақстандық тауар өндірушілердің ұсынатын өнімдері таныстырылды. Ауған бизнесмендері «Чабрец» және «Рола» сауда белгісімен шығатын макорон өнімдеріне қызығушылық танытты.
Келіссөз нәтижесі бойынша, ауғандық бизнесмендер өнімді тікелей жеткізу келісімін бекітті. Сондай-ақ, келісілген тауар бойынша Ауғанстаннан эксклюзивті дистрибьютор желісін құруды ұсынды. Енді жақын уақытта ауғандық кәсіпкерлер макорон өнімдерін шығаратын қазақстандық зауыттарғаи келуді жоспарлап отыр.
«35 млн. халқы бар Ауғанстан экономикасы тұрақтанып, енді жанданып келеді. Перспективалы бағыттардың бірі қазақстандық мердігерлердің қатысуымен жүзеге асатын үкіметтің инфроқұрылымдық жобалары болып отыр. Ауғанстан жыл сайын инфроқұрылымдық нысандардың құрылысына 2 млрд. доллар қаржы бөледі. Оған электр жүйелерінің құрылысы, темір жол желілері, суармалы жерлерді игері үшін арнайы дамбылардың құрылысы, автомобиль жолдары коммуникациялық желілері кіреді»,-деп атап өтті Қазақстанның сыртқы сауда палатасының төрағасы Мейірбек Мәжитов.
Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Ауғанстанның сауда-өндірістік палатасы арасындағы форумның қорытындысы бойынша іскерлік кеңес құру, екіжақтың кәсіпкерлерінің ынтымақтастығын нығайту туралы келісімдерге қол қойылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция