- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев: Ақтөбеде қылмыс картасы жасалады
Б.Сапарбаев: Ақтөбеде қылмыс картасы жасалады
Облыс басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының облыста жүзеге асырылу барысының аралық қорытындысын жариялаған болатын.
Ұлт жоспарының 30-33 қадамдарына сәйкес, облыс орталығында жергілікті полиция қызметі құрылды. Ол қоғамдық тәртіпке, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауап беріп қана қоймай, құқық бұзушылықтың алдын алуға да бағытталған.
Бердібек Сапарбаевтың айтуына қарағанда, жергілікті полиция қызметіндегі қызметкерлердің штаттық саны 1260.
“Жергілікті полицияның бірқатар шараларды қолға алуы облыс аумағындағы қалыпты жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Қылмысты тұрақтандыру жөнінде оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ауыр қылмыстар көлемі 24 %-ға, орта және ауырлығы орташа қылмыстар 7 % және 17,2%-ға төмендеді”, - деп атап өтті облыс басшысы.
Облыстық ІІД полиция қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында облыста қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына ішкі істер органдарының ардагерлері мен қоғам қайраткерлері енді.
Жыл басынан бері полция қызметкерлерінің әрекетіне 36 шағым келіп түсті, нәтижесінде 9 полиция қызметкері, оның ішінде басшылықтағы екі қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Ақтөбеде қылмыс картасы әзірленетінін хабарлады. Құқық бұзушылық туралы ақпарат Бірегей сотқа дейінгі тергеу реестріне енгізілген соң, 3-4 минуттың ішінде картада көрініс табатын болады.
Алдағы уақытта облыстың барлық аудандары аталған картаға енгізіледі.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Қылмыстық процесті жаңғырту, адам саудасы және интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
Есірткі саудасы немесе адамзатқа қарсы қылмыс жайлы -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді