- Басты
- Жаңалықтар
- Бішкек қаласында АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық болашағы талқыланды
Бішкек қаласында АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық болашағы талқыланды
Мәжіліс шеңберінде қатысушылар АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, сонымен қатар өңірлік интеграцияны нығайту болашағын талқылады.
Қайырбек Өскенбаев өз сөзінде: «ТИФА кеңесі АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тәсілдерін әзірлеу мен стратегиялық маңызды салаларын одан әрі жүзеге асыру бойынша диалогтың маңызды бөлігі екенін» – айтып өтті.
Қазақстанның өңірлік ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударатындығын баса айтты. Заманауи халықаралық үрдістерді дамыту жағдайында Республика отандық экономиканы жаһандық және өңірлік жүйеге интеграциялауға мүдделі. Вице-миистрдің ойы бойынша, Орталық Азия мемлекеттері «жаһандық және өңірлік саясат пен экономиканың маңызды мәселелерін талқылау үшін диалогтық алаң құруына болады».
Қайырбек Өскенбаев мәжілістің қатысушыларын Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық реформалар туралы хабардар етті, олардың басты мақсаты құрылымдық экономиканың жаңа моделін құру екенін баса айтты.
Вице-министр сондай-ақ, бүгінгі таңда өңірлік ынтымақтастық өзекті болып отырғанын, оны ТИФА шеңберінде де жандандыру қажет екенін баса айтып өтті.
Қайырбек Өскенбаев: «Біздің көзқарасымыз бойынша ТИФА кеңесінің мәжілісі экономика саласындағы перспективті жобаларды ілгерілету және күрделі мәселелерді шешудің тиімді тетігі болады деп» – айтып өтті. Осыған орай, жұмысты одан әрі жақсарту мақсатында: ТИФА-ны нақты бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы тәжірибелік мазмұнмен толтыру; бірыңғай ұстанымды әзірлеу кезінде қатысушылар арасында үйлестіруді қамтамасыз ету үшін «Focal point» пен «Follow up», сондай-ақ, ТИФА-ның министрлік мәжілістерінің қорытындылары бойынша уағдаластықтарды жүзеге асыру тетіктерін енгізу; ТИФА шеңберінде өңірдегі іскер топтар интеграциясын ынталандыру үшін орта топтың үлкен және белсенді бөлігі болып табылатын ірі ұлттық компаниялар, кіші және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен инвестициялық форумдар ұйымдастыру тәжірибесін жүргізуді ұсынамыз» деді.
Қазақстанның ТИФА елдерімен 2015 жылғы сыртқы сауда айналымының көлемі $ 5 317,37 млн. құрады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі