• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысы жергілікті полиция қызметін дамыту үшін қосымша 500 млн. теңге бөледі

Ақмола облысы жергілікті полиция қызметін дамыту үшін қосымша 500 млн. теңге бөледі

5 Сәуір, 2016 12:34
Ақмола облысының жергілікті полиция қызметін дамыту үшін қосымша 500 млн. теңге бөлінеді, деп хабарлады аймақ әкімі Сергей Кулагин.

«Жүктелген міндеттерді орындауға, жергілікті полиция қызметінің техникалық-материалдық базасын күшейтуге облыс бюджетінен қосымша 500 млн. теңге қарастыру жоспарланған»,- деп түсіндірді аймақ басшысы аймақтық коммуникация қызметінде.

Еске сала кетейік, жергілікті полиция қызметі Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» екінші бағытындағы «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» аясында құрылған болатын. Оның негізгі міндеті – қоғамдық тәртіпті күзету, жол қауіпсіздігі мен құқық бұзушылық профилактикасын қамтамасыз ету. 

Барлық жаңалықтар