- Басты
- Жаңалықтар
- Елордалық мектеп оқушылары үшін олимпиада чемпиондары ерекше дене шынықтыру сабағын өткізді
Елордалық мектеп оқушылары үшін олимпиада чемпиондары ерекше дене шынықтыру сабағын өткізді
«Әлемде денсаулық күні 7 сәуірде аталып өтеді, ол 1905 жылдан басталған. ДДҰ мамандарының пікірінше, денсаулық 50 пайыз өмір салтына байланысты, 20-33 пайызы тұқым қуалайтын факторлармен, 20-25 пайызы қоршаған орта мен экология жағдайын байланысты. Қазақстанда да жыл сайын 7 сәуір Денсаулық күні аталып өтеді. Осы жылы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бастамасымен7 сәуірде «бес минуттық Денсаулық» акциясын бастаймыз және ол жерде медициналық,сонымен қатар неміс мекемелері қатысатын болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнін атап өтудің тағы бір ерекшелігі, Астанада әлеуметтік жоба «Физкульт-Ура» іске қосылады»,-деді Астана қ. салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атқарушы директоры Ақмарал Құрманбаева.
Баспасөз-конференциясының қатысушылары айтып өткендей, Физкульт-Ура» жобасы арқылы балаларды салауатты өмір салтына және спортқа тарту насихатталады.
«Біздің акция Астана қаласы бойынша 5 мектепте 25 сабақтан өтетін болады. Егер бала жас кезінен бастап дене шынықтырумен қызыққан болса, онда мектепте жұмасына екі-үш сабақ өткізу керек. Егер сабақ қызықты болса – балалрдың өздері сабақтың күнде өткенін қалайтын болады. Көп жағдайда сабақтың өткізілген сапасына байланысты»,-деді Ю. Мельниченко.
Айта кетейік, бүл бір күндік акция емес, ол тек Денсаулық сақтау күніне орай ған өткізілмейді, ол барлық оқу жыл бойы болады. 9 бен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер қамтылады. Осындай тәжірибені барлық Қазақстан бойынша жасау жоспарланған.
«Көп жағдайда балалар поссивті болады. Біздің оқытуымыз арқылы, менің ойымша олардың көңілін көтеріп, спорт секцияларында қатысуға септігін тигіземіз деген сенімдеміз»,-деп ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, олимпиада чемпионы Ольга Шишигина айтты.
«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының өкілдері мен «World Class» фитнес-клубы баспасөз-конференциясынан кейін №56 мектеп оқушыларына дене шынықтыру бойынша ашық сабақ өткізді. Бірінші сабақты олимпиада чемпиондары Юрий Мельниченко мен Ермахан Ибраимов өткізді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері