• Басты
  • Жаңалықтар
  • Киокушинкай-кан каратэден өткен ҚР чемпионатына 300-ден астам спортшы қатысты

Киокушинкай-кан каратэден өткен ҚР чемпионатына 300-ден астам спортшы қатысты

6 Сәуір, 2016 08:39
Көкшетауда Киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер мен жастар, қыздар, ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатын өтті, деп хабарлады Ақмола облыстық ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Республикалық киокушинкай-кан каратэ ұлттық федерациясы жыл сайын ел чемпионатын осы спорт түрін таныту үшін және жастарды осы спортқа тарту мен салауатты өмір салтын ұстануға үндеу мақсатында түрлі облыстарда ұйымдастырады.

Биыл  аталмыш чемпионатты Ақмола облысы әкімдігінің, Ақмола облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Республикалық киокушинкай-кан каратэ ұлттық федерациясының аймақтық филиалының көмегімен Көкшетау қаласында өткізу шешімі ұйғарылған болатын.

Биылғы чемпионатқа Қазақстанның 11 аймағынан 12 жастағы және одан үлкен 300-ден астам каратэшілер қатысты. Олар 26 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Аталмыш чемпионатқа құқрметті қонақ ретінде киокушинкай-кан каратэ спортының әлемдік жұлдызы келді. Айталық, Ресейдің бүрнеше дүркін чемпионы, Жапония мен Еуропаның әлем чемпионаты жүлдегері, халықаралық спорт шебері Дәрмен Сәдуақасов чемпионаттың ең құрметті мейманы болды.

Қорытынды бойынша, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Астана қаласынан барған сполртшылар жеңіп алса, Ақмола облысының каратэшілері чемпионаттың екінші орынын еншіледі. Ал, үшінші орынды ШҚО мен Қарағанды облысының өрендері өзара бөлісті. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтар мен және дипломдармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар