• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодардағы тоғызқұмалақ бойынша Азияның ашық чемпионатына 9 елден қатысушылар келді

Павлодардағы тоғызқұмалақ бойынша Азияның ашық чемпионатына 9 елден қатысушылар келді

19 Қараша, 2013 12:02
Павлодарда тоғызқұмалақ бойынша Азияның ашық чемпионаты басталды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Павлодарға  9 елден 94 қатысушы келді. Олар 14 пен кіші және 15-тен 19 жас аралығындағы деңгейлер бойынша бөлінді. Мамандардың есептеуінше,  Қазақстанның басты қарсыластары Қырғызстан, Моңғолия», - деп хабарламада нақтыланған.

Азия чемпионатының жеңімпаздары  21 қараша, бейсенбі күні белгілі болады.  Одан кейін қатысушылар  жеке сайыс бойынша бақ сынасады.
 
 
 
 

Барлық жаңалықтар