- Басты
- Малайзияның «жасыл» технологиялары «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынылады
Малайзияның «жасыл» технологиялары «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынылады

Сапар барысында Малайзияның министрлер кабинетінің Бас хатшысы – Али Хамсамен, Энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстар министрлігінің Бас хатшысы – «ЭКСПО-2017» Малайзия бөлігінің Комиссары Лу Джимен, жергілікті ғылыми және іскер топтарымен кездесулері өтті.
Малайзия үкіметінің ғимаратында өткен кездесуде, А. Хамса мен Р. Жошыбаев екі елдің сауда-инвестициялық және ғылыми салалардағы ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелерді, оның ішінде «жасыл» технологиялар мен «ЭКСПО-2017»-ге малайзиялық туристерді тарту салалары бойынша, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрмеге малайзиялық компаниялардың кеңінен қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Бас хатшы Астанада көрменің өтуі технологиялық ағын мен ғылыми базаның нығаюына септігін тигізіп, Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Малайзияның Энергетика, «жасыл» технологиялар және су ресурстар министрлігіндегі кездесуде, Лу Джи Малайзияның биомассадан экологиялық таза отын өндіру саласындағы соңғы технологиялық талдамалары мен күн энергетикасындағы шешімдерін ұсынуға дайындығын және Қазақстанда күн панелдері мен олардың компоненттерін бірлесіп өндіру мүмкіндігін, сондай-ақ жаңартылмалы энергия көздері саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүдделі екенідігін хабарлады. Бас хатшының айтуынша, Малайзияда энерготиімді құрылыс пен тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, «жасыл» көліктерді, оның ішінде қоғамдық көліктерді дамыту салаларында жаңаша технологиялар сәтті іске асырылуда.
Сапар аясында «SEDA» баламалы энергетика көздерін дамыту бойынша агенттігі, «GreenTech» ғылыми-зерттеу орталығы, «Petronas» мемлекеттік мұнай-газ компаниясы, «MATRADE» Сыртқы сауданы дамыту корпорациясы, «MIDA» Инвестицияларды дамыту агенттігі, «МАТТА» Ұлттық туристік қауымдастығы және т.б. өкілдердің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді. Талқылау барысында, «ЭКСПО-2017» өткізу кезеңінде іскер топтардың өз мүмкіндіктерін таныстыру рәсімін өткізуге жоғары қызығушылығы мен малайзиялық туроператорлармен ынтымақтастықтың кеңейтілу мүмкіндіктері аталып өтіп, көрмеге жергілікті туристерді тарту мәселесі талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша, «МАТТА» Ұлттық туристік қауымдастығы және «GreenTech» ғылыми-зерттеу орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.
«GreenTech» орталығымен ынтымақтастық Астанада БҰҰ-ның «жасыл технологиялар» мен инвестициялық жобалар Орталығын құру аясында ерекше маңызды болып табылады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін қолдану, жобалардың тиімділігіне бағалау жүргізу мен оны одан әрі «жасыл» технологиялар саласында коммерцияландыру бойынша малайзиялық тараптың үлкен тәжірибесі бар екендігін атап өткен жөн.
Сол күні Р. Жошыбаев Малайзияда оқитын қазақстандық студенттермен өткен кездесуде шетелде халықаралық көрмені насихаттауға белсенді түрде ат салысуға шақырды. Кездесуден кейін, қазақ студенттері халықаралық мамандандырылған көрмесіне қолдау флэшмобын өткізді.
Сапар нәтижелері бойынша «ЭКСПО-2017» Комиссары Малайзияның ең ірі және беделді «ASTRO AWANI» телеканалының жаңалықтар бағдарламасына сұхбат берді.
-
«Жасыл» экономиканың жаңашыл қоғамдық бастамалары қандай
-
Қазақстанның үздік тауарлары көрмесінде 153 кәсіпорын өз өнімін ұсынады
-
2020 жылдан бастап медициналық қызмет екі пакет шеңберінде ұсынылады
-
Елбасы «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығына барды
-
Сайлау жүйесіне 25 жыл: Дауыс берудің заманауи технологиялары
-
Қазақстан қалаларында алғашқы «жасыл» жобалар жүзеге асырылады
-
ЭКСПО көрмесінде ұсынылған жобаларды қолдану мүмкіндігі қарастырылуда
-
2018 жылы ЭКСПО-ның қандай технологиялары енгізілетіні туралы Қанат Бозымбаев айтып берді
-
ИНФОГРАФИКА:Қазақстан ЖОО-лары ЭКСПО-2017 технологияларын енгізеді
-
«KazAgro/KazFarm» көрмесінде 32 ел өздерінің ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен таныстырады
-
Қазақстанның Бас прокуроры түркиялық әріптестеріне елдің цифрлық технологияларын таныстырды
-
Малайзияның Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы: Қазақстан берік демократия құруда
-
Қарағанды облысында ЭКСПО – 2017 көрмесінде ұсынылған жеті жоба іске қосылады
-
Астана-1 АЖ кедендік ресімдеудің жаңа технологияларын ұсынады - Мемлекеттік кірістер комитеті
-
25 ақтөбелік кәсіпорын ЭКСПО технологияларын енгізуде

