- Басты
- Жаңалықтар
- Иран кәсіпкерлері Ақтөбе облысында қой шаруашылығын дамытуға ниетті
Иран кәсіпкерлері Ақтөбе облысында қой шаруашылығын дамытуға ниетті
Ирандық кәсіпкерлер Ақтөбе облысына аймақтың инвестициялық әлеуетімен танысу үшін келді. Шетелдіктер 40 гектар жерге жылыжай құрылысын салу үшін, 10 мың бас ірі-қара мен 100 мың бас қой өсіретін мал шаруашылық фермасын құруға қолайлы жағдайы бар жер қарастырып жүр, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығы.
2015-ші жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Иран арасындағы тауар айналым көлемі 17,4 млн. долларды құраған. Бұл цифрлар Иран мен біздің аймақ арасындағы экономикалық ынтымақтастық әлеуетіне толық сәйкес келеді, деп есептейді Б.Сапарбаев.
Ақтөбе облысы агроөнеркәсіп секторын дамытуға және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеуде зор әлеуетке ие. Аймақта сонымен қатар, 1 млн. гектар егістік алқап пен 30 мың гектар суармалы жер бар. Осыған байланысты 100 мың гектарды суаруға мүмкіндік бар. Ал, мал шаруашылығын дамыту үшін кең жайылым жерлер мен шабындық жерлер бар, деп ақпараттандырды қонақтарды облыс әкімі.
Кездесу қорытындысы бойынша, Иран инвесторлары Ақтөбе облысының билігіне аймақта мал шаруашылығын дамыту бағытында ұзақмерзімді іскерлік және ғылыми ынтымақтастық келісімін бекітуді ұсынды.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар