- Басты
- Жаңалықтар
- Дәурен Оңаев Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қорының басшысы болып тағайындалды
Дәурен Оңаев Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қорының басшысы болып тағайындалды
Д. Оңаев «Іскерлік әкімшілеу және бухгалтерлік есепке алу» бағдарламасы бойынша Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ), қаржы және инвестициялар саласындағы магистрлік бағдарлама бойынша Эдинбург Университетін (Эдинбург қ., Ұлыбритания) тәмамдады.
Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да, «Қазкоммерцбанк» АҚ мен «Halyk Finance» АҚ-да жұмыс істеп, инвестициялық жобаларды және бірігулер мен қосып алулар бойынша мәмілерді (M&A) талдаумен, құрылыс, тасымалдау және логистика саласындағы ірі компанияларға кредит беру, сондай-ақ жекеше компаниялардың бағалы қағаздары шығарылымын сүйемелдеу мәселелерімен айналысты. Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның инвестициялық жобалар департаментінде жұмыс істеу тәжірибесі бар, онда 2012 жылғы желтоқсандағы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акцияларын табысты алғашқы орналастыруды қоса алғанда, «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыруды үйлестіру мәселелеріне жауапты болады.
2013 жылғы желтоқсан мен 2015 жылғы ақпан аралығындағы кезең ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен арнайы жобалар департаментінің директоры қызметін атқарды. 2015 жылғы ақпанда инвестициялық блокқа, сондай-ақ тікелей инвестициялар қорларын құру мен оларды өзара іс-қимылы мәселелеріне жетекшілік ететін «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС Байқау кеңесін 2014 жылғы наурыздан, «Baiterek Venture Fund» АҚ-ның («Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның еншілес ұйымы) Директорлар кеңесін – 2014 жылғы қыркүейектен бастап басқарады. 2015 жылғы маусымнан «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі