• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада АҚШ-тан жеңіспен оралған елордалық каратэшілерді құттықтады (ФОТО)

Астанада АҚШ-тан жеңіспен оралған елордалық каратэшілерді құттықтады (ФОТО)

4 Сәуір, 2016 17:04
Наурыз айының 27-31 күндері каратэ-додан АҚШ-та өткен Junior Championship, USA Open 2016, Ozawa Cup 2016 халықаралық турнирлерінен жүлдемен оралған спортшылармен Астанада кездесу өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев спортшыларды министрдің атынан құттықтады.

Астаналық каратэшілер АҚШ-ғы үш турнирден 14 медаль жеңіп әкелді. Оның 3-і алтын, 6-ы күміс және 5-і қола.

«Олар біздің болашақ чемпиондар, болашақ олимпиада ойындарының чемпиондары, әлем чемпиондары. Барлық сплортшы балаларға көп рахмет. Оларға алдағы уақытта да тек қана жеңістер тілейміз. Бүгін Мәдениет және спорт министрінің атынан мақтау грамоталарын, алғыстар мен сыйлықтар тапсырамыз»,-деді Қ.Уәлиев.

Атап өту керек, Junior Championship турниріне 40-тан астам елдің спортшылары қатысты. Мұнда тек іріктелген ең үздіктер шықты. Құрамға каратэ-до WKF бойынша бірнеше дүркін әлем чемпиондары кірді.

Стоит отметить, что в турнире Junior Championship понимали участие более 40 стран. Здесь были представлены лучшие сборные, в состав которых входили неоднократные чемпионы мира по каратэ-до WKF.

Барлық жаңалықтар