• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2017 жылы «Атамекен» ҰКП ШОБ-қа арналған тегін сервистік қызметті кеңейтуді жоспарлап отыр

2017 жылы «Атамекен» ҰКП ШОБ-қа арналған тегін сервистік қызметті кеңейтуді жоспарлап отыр

4 Сәуір, 2016 16:14
2017 жылы «Атамекен» ҰКП ШОБ-қа арналған тегін сервистік қызметті кеңейтуді жоспарлап отыр, деді ОКҚ-да Ұлттық палата төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов.

«Бүгінгі таңда  кәсіпкерлерге көрсететін қызметтің 8 түрі бар: заңды, бухгалтерлік, кедендік, мемлекеттік сатып алу, менеджмент, маркетинг, баға беру сапасын бағалау және  IT. Біз сараптама жүргіздік, сол кезде сапасын бағалау менеджментінің жүйесі аса қажеттілікті қажет етпейтіні анықталды. Атап айтсақ, өткен жылдың соңында МЖӘ туралы заң қабылданған болатын», - деді Т.Шотанов.

Ол атап өткендей, аталмыш заң бизнес үшін айтарлықтай мүмкіндіктерді ұсынып отыр.

«Кәсіпкерлер келіп, жобаны қалай әзірлейтіні туралы кеңес, ақпарат алады. Осы орайда біз Ұлттық экономика министрлігіне МЖӘ мен МЖӘ туралы кеңес өткізуді қызметтің бір түрі қылып енгізуді ұсындық. Бұл ұсыныстар қазір қаралып жатыр», - деді ол.

 

 

 

Барлық жаңалықтар