• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016-шы жылдан бастап «Атамекен» ҰКП бизнесті қолдау үшін екі қаржылай емес компонент енгізді

2016-шы жылдан бастап «Атамекен» ҰКП бизнесті қолдау үшін екі қаржылай емес компонент енгізді

4 Сәуір, 2016 15:58
2016-шы жылдан бастап, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті қолдау үшін екі қаржылай емес компонент енгізді. Олар: іскерлік байланыс және үлкен сеньсорлар, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов ОКҚ өткен баспасөз конференциясында.

«Қазақстанда кәсіпкерлікке қолдау көрсететін 10 бағдарлама жұмыс істейді. Солардың ішіндегі тиімдісі «Бизнестің жол картасы - 2020». Аталмыш мемлекеттік бағдарламаның аясында екі компонент бар. Қаржылай және қаржылай емес. Қаржылай компонент «Даму» қоры  кәсіпкерлікті дамыту. Қаржылай емес компонент «Атамекен» ҰКП. Қаржылай емес компонент аясында бірнеше қызмет түрі бар. Солардың бірі – бұл қызмет көрсету. Яғни, кәсіпкерлер қызметтің бірнеше түрін көре  алады. Мысалы, заңгерлік қызмет, бухгалтерлік есеп, кедендік қызмет, мемлекеттік сатып алуға қатысу, бизнес  - жоспарды жетілдіру, IT-технология сияқты салалар мен қызмет түрлері көрсетіледі. Бұның барлығы бизнеске қолдау болып есептеледі. Бизнес білімнің өзі үшке бөлінеді: бизнес-кеңесші, бизнес-өсу, жобалық білім»,-деді Т. Шотанов

Оның айтуынша, биылдан бастап «Атамекен» ҰКП бизнесті қолдау үшін екі қаржылай емес компонент енгізді. Олар, іскерлік байланыс және үлкен сеньсорлар.

«Іскерлік байланыс – бұл біздің кәсіпкерлерді шетелдің үздіктерімен тәжірибе алмастыруды ұйымдастыру. Үлкен сеньсорлар – бұл керісінше сирек мамандандырылған тәжірибелі мамандарды біздің кәсіпкерлерге тәжірибелерін көрсету үшін Қазақстанға тарту»,-деп түсіндірді төраға орынбасары.

Анара Таныркулова

Барлық жаңалықтар