• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 2014 жылы сумен қамтудың жергілікті сызбасын құру бойынша пилоттық жоба іске қосылады - ӨДМ

ҚР-да 2014 жылы сумен қамтудың жергілікті сызбасын құру бойынша пилоттық жоба іске қосылады - ӨДМ

19 Қараша, 2013 11:55
Қазақсатанда 2014 жылы пилоттық тәртіп бойынша сумен қамтудың жергілікті сызбасын құру жобасы қолға алынады, деп мәлімдеді Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Үкімет отырысында.

«Келер жылы пилоттық тәртіп бойынша сумен қамтудың жергілікті сызбасын құруды бастаймыз. Технология өзгеруде және жергілікті сызба негізіне жобаларды іске асыру жолында мүмкіндіктер бар, яғни фильтр мен жергілікті сүзгі орнату», - деді министр.

Оның айтуынша, аталмыш сызба заңнамалық өзгерістерді талап етіп қана қоймай, су жүйелерін тартуға қаржы бөлу қажеттілігінен арылады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда жергілікті сумен қамтамасыз етудің типтік жобаларын құру мәселелері қаралуда.

Осыған орай Өңірлік даму министрлігі ауылдық жерлердегі сумен қамтамасыз ету және суды бұру басқармасының Бірыңғай операторын құру ұсынысын айтты.

Аталмыш институт, министрдің пікірінше, ауылдық жерлердегі сумен қамтамасыз ету және суды бұру секторын барынша тиімді және орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз етпек, сонымен қатар жоспарлауда, сапалы жобалауда, құрылыс пен сумен қамту және суды бұру нысандарын қолданысқа берудің  бірыңғай тәсілі болып табылады.

Барлық жаңалықтар