- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа Мәжіліс депутаттары парламенттік кітапханамен танысты
Жаңа Мәжіліс депутаттары парламенттік кітапханамен танысты
Халық қалаулыларын Аппараттың Ақпарат-талдау бөлімінің меңгерушісі Жанна Құрманғалиева мен сектор меңгерушісі Қанат Құдайбергенов ақпараттық қорлармен және көрмелермен таныстырды.
“Әлемде көптеген елдердің Парламенттерінің жанынан Ұлттық кітапханалар жасақталған. Қазақстан Республикасы Парламентінің жанында да осындай кітапхана құрылған. Оның жалпы кітап қорында 46 мыңнан астам бірлік, оның ішінде 26 мың кітап және 227 мерзімді басылым бар. Кітапхана жұмысында дәстүрлі әдісімен бірге әртүрлі жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады”, - делінген хабарламада.
Парламент кітапханасы Палаталардың заң шығару қызметін қамтамасыз ету мәселелеріне, талқыланатын заң жобаларына, парламенттік тыңдауларға және Парламент өткізетін шараларға библиографиялық және анықтамалық-ақпараттық материалдар дайындауға ерекше көңіл бөледі. Парламент Палаталарының комитеттерімен және аппараттарының бөлімдерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды.
Парламент кітапханасы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Ақпараттық-талдау орталығының құрамдас бөлігі ретінде 1987 жылы құрылды. Орталықтың негізгі міндеті елдегі жоғарғы өкілді органның қызметін ақпараттық-анықтамалық, талдамалық жəне кітапханалық-библиографиялық жағынан қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта кітапхана Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Аппаратының Ақпарат-талдау бөлімінің құрамында жұмыс істейді.
Парламент кітапханасы Қазақстанның көптеген кітапханаларымен жəне өзге де мемлекеттік жəне жекеше ақпараттық құрылымдармен тығыз байланыс орнатқан.
Кітапхана халықаралық ақпарат алмасу шеңберінде Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Парламенттік кітапханасымен, Ресей Ғылым Академиясының Мемлекет жəне құқық институтымен, Ресей Үкіметі жанындағы Заңнама жəне салыстырмалы құқықтану институтымен ынтымақтасып отыр, сондай-ақ ол ТМД-ның бірқатар елдерінің парламенттік кітапханаларымен іскерлік байланысқа ие.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар