- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да МЖС аясында екі балабақша пайдалануға берілді
ОҚО-да МЖС аясында екі балабақша пайдалануға берілді
Көктөбе елді мекеніндегі 100 орындық, Шаға елді мекеніндегі 50 орындық балабақша «Балдәурен» деп аталады. Ескі мектептің ғимаратын алған жергілікті жеке кәсіпкер А.Шегебай, балабақшаға лайықтап жөндеу жұмыстарын жүргізіп, нысанды барлық талаптарға сай жабдықтаған. Балалардың тәрбие мен білім алуына барлық жағдайлар жасалған мекемеде музыка залы, медициналық кабинет, қажетті ойыншықтардың барлығы бар.
«Созақ ауданында мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының орындалуы 81,3 пайызды құрап, 3026 бала тәрбиеленуде. Жыл соңына дейін тағы балабақаша ашуды жоспарлап отырмыз. Балалар - біздің болашағымыз. Жас өскін ұрпақтың жарқын күлкісіне толатын балабақшаның ашылуымен барлығыңызды құттықтаймын», - деді мекеменің салтанатты ашылу сәтінде сөз алған аудан әкімі М.Исаев.
Пайдалануға берілген екі балабақшада жергілікті 35 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етілді. Жақында мұнда тағы бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Айта кетейік, қазіргі таңда, Созақ ауданында 11 шағын орталық, 21 балабақша жұмыс істейді. Таяуда Шолаққорған ауылында 280 орындық балабашаның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр