- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Мәми Венециялық комиссияның сарапшыларымен Судьялардың жаңа әдеп кодексі жобасын талқылады
Қ.Мәми Венециялық комиссияның сарапшыларымен Судьялардың жаңа әдеп кодексі жобасын талқылады
«Венециялық комиссия бірнеше рет Қазақстан үшін өте маңызды құжаттарға сараптамалық талдау жасаған болатын. 2011 жылы ЕҚЫҰ ААҚДИБ мен Венециялық комиссия «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы бойынша бірлескен қорытынды әзірленген болатын. Біздің сіздердің қатысуларыңызбен сот секторында қажетті өзгерістерге қол жеткізгеніміз маңызды. Сіздердің Әдеп кодексі жобасы бойынша берген ұсынымдарыңыз біз үшін маңызды болатынына сенім білдіремін», - деді Қайрат Мәми Кездесудегі кіріспе сөзінде.
Кездесу барысында Қ.Мәми шетелдік сарапшыларды еліміздің Президенті Н.Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспары шеңберінде жүргізіліп жатқан сот жүйесіндегі реформалармен таныстырып өтті.
Әңгімелесу барысында тараптар Кодекс жобасы мен сот жұмысының басқа да мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесуді қорытындылай келе, Жоғарғы Сот Төрағасы Венециялық комиссия сарапшыларын жаңа Кодекс жобасына жүргізіп жатқан сараптамасы үшін алғысын білдірді.
Сол күні Венециялық комиссия сарапшылары Жоғарғы Сот судьясы, Сот жюриінің төрағасы М.Шегеновпен, Жоғарғы Сот судьясы, Судьялар әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы Н.Қайыпжанмен кездесті. Бұған қоса, Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.Роговпен, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.Смолинмен және Қазақстан Судьялар Одағының Төрағасы С.Байбатыровпен кездесті.
Еске сала кетейік, жаңа Кодекстің жобасы Ұлт Жоспарына сәйкес әзірленген. Онда сот корпусы мен ғалым-құқықтанушылардың ойлары мен көзқарастары ескерілген. «Судьялар мінез-құлқының Бангалор қағидаты», Сот билігінің тәуелсіздігі мәселелері бойынша Киев конференциясының ұсынымдары (2010 ж.) секілді басқа да халықаралық құжаттардың ережелері ескерілді. Жоба 5 тараудан және 33 баптан тұрады. Онда «Судьялар мінез-құлқының әдеп қағидаттары», «Кәсіби міндеттерін атқару барысындағы судьлар мінез-құлқының әдеп қағидалары», «Судьяның отбасы мен тұрмыстағы мінез-құлқының әдеп қағидалары» атты тараулар көзделген. Кодекс жобасы Жоғарғы Сот сайтында жарияланды. Оған кез-келген азамат өзінің ұсыныстары мен комментарийлерін ұсына алады.
Анықтама: Венециялық комиссияның құрамына Еуропа Кеңесінің 47 қатысушы-мемлекеті кіреді. Қазақстан Комиссияға 2011 жылдың қараша айында кірді. Өз жұмысында Еуропалық комиссия демократия, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігі секілді Еуропа Кеңесі қызметінің бастауындағы үш негізгі еуропалық конституциялық құндылық қағидатын басшылыққа алады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері