• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЭЫДҰ Қазақстанмен мемлекеттік қызмет саласында ынтымақтастықты тереңдетуде (ФОТО)

ЭЫДҰ Қазақстанмен мемлекеттік қызмет саласында ынтымақтастықты тереңдетуде (ФОТО)

4 Сәуір, 2016 11:46
Астанада Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары (ЭЫДҰ) арасында ынтымақтастық туралы хаттар алмасу рәсімі өтті.

«ЭЫДҰ өз қатарында 34 әлем экономикасын біріктіреді,  әлбетте, ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі мен мемлекеттік басқару директорлары реформаны іске асырып жатқан барлық аймақтық елдер үшін маңызды болып келеді. Біздің жасап жатқан ынтымақтастығымыз елдің игілігіне жұмыс істейді деп сенеімз»,-деді Астана қаласында мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов.

Өз кезегінде, ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару және аумақтық даму директоры Рольф Альтер Қазақстан мен ЭЫДҰ тығыз ынтымақтастық жасай алды деп атап өтті.

«Мемқызмет азаматтар мен бизнес-қоғамға жақсы қызмет көрсету үшін қажет. ЭЫДҰ оң тәжірибе көрсете алады және бұл сала бойынша Қазақстанға ғана тәжірибе беріп қоймайды, сонымен бірге көрші елдерге де тәжірибе ұсынады. 2015 жылдың қыркүйек айынан кейін тұрақты даму мақсатында жарияланғаннан кейін және мемлекет дамып, табысты болу үшін, оған жақсы үкімет керек және сапалы мемлекеттік қызмет қажет. Қазақстан біз үшін керемет серіктес болды»,-деді Р.Альтер.

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар