• Басты
  • ШҚО-да дуальді білім беру аясында токарь мамандарын дайындайды

ШҚО-да дуальді білім беру аясында токарь мамандарын дайындайды

4 Сәуір, 2016 13:09
«Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС-де дуальді білім беру аясында оқу-өндірістік шеберханасы ашылды, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП.

Жаңа оқу-өндірістік шеберханасына заманауи токарьлық және фрезерлік қондырғыны HeidelbergCement компаниясы «Қазақстандағы дуальді оқыту жүйесі» пилоттық жобасын енгізу аясында орнатып отыр.

«Бұл жерде Өскемен құрылыс колледжінің студенттері тәжірибеден өтетін болады. Бұқтырма цемент компаниясы аталмыш оқу орынымен «өндіріс механигі» мамандарын дайындау жөнінде келісім жасасқан болатын»,-деді кәсіпорын басшысы Сергей Баев.

Заманауи қондырғымен «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС-ң жұмысшылары өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдап, түрлі дүниелер жасай алады. Сонымен қатар, өндірістік оқу тәжірибесінен өтетін студенттер үшін де таптырмайтын құрал екені айтпаса да түсінікті.

«Қондырғымен жабдықталған оқу шеберханасында еңбек және өндірістік қауіпсіздіе, норма ережелері, өндірістік санитария сияқты қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады және барлығы стандартқа сай жасалған»,-деп атап өтті адам капиталын дамыту ибөлімінің басшысы Роза Бисекенова.

Барлық жаңалықтар