- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордалық 7 бастауыш кәсіпкер бизнес бастауға қайтарымсыз гранттар алды
Қызылордалық 7 бастауыш кәсіпкер бизнес бастауға қайтарымсыз гранттар алды
Конкурс қорытындысы бойынша ұсынылған 33 жобаның арасында 7 жоба қаржыландыруға қолдау тапты. Аймақтың бастауыш кәсіпкерлері жасаған бизнес-жобалардың жүзеге асуы үшін мемлекет тарапынан 300 мыңнан 3 млн.теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар бөлінді. Қолдау тапқан 7 жобаның ішінде 4-уі Қармақшы ауданындағы кәсіпкерлердің жобалары.
Бұл бизнес идеялардың қатарында ЖК «Жанабаева Р» компаниясының Төретам кентінде сұлулық салонын ашу жобасы, ЖК «Болан» мекемесінің Ақай ауылында темірден жиналмалы қазақы үй жасау цехы, «Утетилеуова А.» ЖК Төретам кентінде жалюзи жасау жобасы және ЖК «Ермекбаева» компаниясының Ақжар ауылдағы макарон цехын ашу жөніндегі жобасы мемлекеттік қолдауға ие болып отыр.
«Арал ауданының тұрғыны бастауыш кәсіпкер Нұрбек Сексенбаев ара шаруашылығы мен бал өндірісіне жасаған жобасы Гранттық қаржыландыру конкурсына үздіктердің қатарынан табылып, жеке кәсіпкердің инновациялық жобасын жүзеге асырыуына 1 млн.теңге берілетін болды», - делінген хабарламада.
«Жаңа ашылған бизнесті қолдау» бағдарламасының қатысушысы Шиелі ауданы Ортақшыл ауылының тұрғыны Қалима Жұматай жеңіп алған гранттық қаражатқа жоғары сапалы ұлттық тағам түрлерін, оның ішінде сөк, талқан және жент тағамын қораптағы үлгіде жасап шығаруды қолға алуда. Әйел кәсіпкердің сөзінше Ортақшыл ауылында бірнеше жылдан бері тары өндірісі халықтың айналысатын басты шаруашылығы және ол ендігі жерде мемлекет қолдауы аясында сол тарыдан ұлттық тағамдарын шығарып, оны облыс көлемінде сатуға мүмкіндік беретін шағын цех ашатын болады.
Тағы бір «Жаңа ашылған бизнесті қолдау» бағдарламасына қатысушы жеке кәсіпкер Күләйша Алиханова 1,2 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды. Кәсіпкер грант қаражатына Жаңақорған ауданы Төменарық кентінде сұлулық салонын ашуды жоспарлап отыр. Аталған сұлулық салоны Төменарық кентіндегі осы салада алғашқы қызмет көрсету орны болмақ.
Бастауыш кәсіпкерлер жобалары аясында жаңадан 14 жұмыс орны ашылатын болады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді