• Басты
  • Жаңалықтар
  • ККМ-де «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын іске асыру жөніндегі бақылау талқыланды

ККМ-де «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын іске асыру жөніндегі бақылау талқыланды

19 Қараша, 2013 11:40
Көлік және коммуникация министрлігінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін бір жарым жылдық қайта құру жобасын бақылауын талқылау жөніндегі дөңгелек үстел өтті, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңес жұмысы ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті, Жобаны басқару және Құрылысты қадағалау кеңесшілері мен үкіметтік емес ұйымдар аралығында жасалған Меморандумда негізделген.

 «Жүргізілген бақылау нәтижесі жемісті болып шықты. Оның қорытындысы негізінде жобалар нысаналанып, жергілікті тұрғындар ұсынған қажетті мал өтпелері, құламалар, ауылшаруашылық техникасы үшін өтпелер қосылды. Сөйтіп, жобалау кезеңінде жергілікті тұрғындармен қарым-қатынастың болмауынан туындаған көптеген кемшіліктер жойылған», - деп  Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пшембаев  атап өтті.

Кеңестің басты мәселелері - қайта жөндеу жолдарындағы әлеуметтік-экономикалық, еңбек, экологиялық және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын анықтау, оларды есепке алу және шешу. Барлығы бақылаумен 4 облыс қамтылды. Оған 63 елді мекеннен 642 тұрғын, 12 құрылыс компаниясынан 1461 қызметкер қатысты.

Нәтижесінде сарапшылармен 600-ден артық ескерту анықталып, бақылау нәтижелері құрылыс компанияларына таратылып, олар осы мәселелерді шешу жұмыстарына кірісті.

Барлық жаңалықтар