Д.Назарбаева бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады (ФОТО)

2 Сәуір, 2016 14:43
Қазақстандық жоғары оқу орындары жеке автономиясы жолында өз қызметін барынша коммерциялауға ұмтылуы тиіс, деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне жасаған сапары барысында.

«Жоғары оқу орындарының автономиясы, бұл – жоғары оқу орындарының қаржысын, бюджетін басқарудың нақты, ашық, демократиялық, алқалы жүйесі, онда дамытуға басымдыққа, әлемде болып жатқан экономикадағы барлық үдерістерді синхрондауға мүмкіндік бар. Жоғары оқу орындарының бюджет бөлігінің айтарлықтай үлесі мемлекеттік бюджеттен тыс қалыптасады, ал бұл әсіресе өздеріңіз армандайтын автономияға көшу жағдайында басты шарттардың бірі. Сондықтан, үкіметтің міндеті мен арманы – біздің институттарымыз бен университеттеріміздің елімізге және экономикаға пайда әкелуі, өз қызметін барынша коммерциялап, мемлекеттік бюджеттен жүктемені алып тастауы», - деді Д.Назарбаева. 

«Мемлекет бұл мәселеде - заң шығарушы, реттеуші, мамандарды қай бағытта даярлау қажеттігін көрсетіп тұратын сілтеуші ғана. Мемлекет гранттар, ваучерлер арқылы еңбек нарығын қажетті бағытта бұрып отырады. Қалғанының барлығы - ЖОО-ның қолында», - деді вице-премьер. 

Ол қазақстандық ЖОО-дары басшыларына осындай ырықтандыру кезіндегі жауапкершілік туралы еске салып өтті.

«Бұл екі бағыттағы қозғалысы бар жол, себебі еркіндік үлкен жауапкершілік артады. Біз қазір автономиялық жүйеге, академиялық еркіндікке көшуге талпынып отырмыз. Оның үстіне көңіліміз қалмау үшін бұл мәселеде артық кетіп қалмауымыз керек. Сол себепті автономия мәселесіне байыпты қарауымыз қажет. Барлығын талдап шығуымыз тиіс. Сондай-ақ біз халықаралық аккредитация туралы да сөз қозғап отырмыз, бұл жай еріккеннен көтеріліп отырған жоқ. Біздің мамандардың тек ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие болуын қалаймыз», - деп баса айтты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Өз кезегінде, білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев таяу төрт жылдың ішінде Қазақстанда мемлекекттік үлгідегі дипломның жойылатынын еске салды. 

Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев 
«Өздеріңіз де білесіздер, біз оны (ЖОО-ның автономиясын) кезең-кезеңмен енгізуді ұйғардық. Ол мемлекеттік үлгідегі дипломды алып тастау арқылы енгізіледі. Сәйкесінше ЖОО-дары 2021 жылға дейін бейімделуге берілетін өтпелі кезеңнен кейін өзара қатты бәсеке режімінде болады және жеке үлгідегі дипломдар береді. Төрт жылдың ішінде аккредиттеуші халықаралық ұйымдар тарапынан академиялық еркіндікті бақылауды енгізумен бірге университеттердің ішіндегі академиялық еркіндікті кезең-кезеңмен ырықтандыру жүргізіледі. Жүйе түгел пысықталды және оның жекелей элементтері заңнама түрінде бекітілді», - деп мәлімдеді ҚР БҒМ басшысы.

 

 

Барлық жаңалықтар