- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы білім гранттарын ваучерлер алмастыруы мүмкін - БҒМ
Қазақстандағы білім гранттарын ваучерлер алмастыруы мүмкін - БҒМ
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жеткізгендей, бірыңғай грант жүйесін енгізу мәселесі қазір қарастырылып жатыр.
«Өткен аптада мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарының ректорларымен грант мәселесі талқыланды. Барлығы дерлік бірыңғай грант жүйесімен келісіп отыр деуге болады. Бұл жүйенің 2017 жылдан енгізілгенін қалайды. Көптеген ректорлардың пікірінше, әрі қарай грузиндік тәжірибені ескерген жөн. Яғни, гранттар ваучерге айналады. Мемлекет ваучер береді, студент осы ваучермен кез келген жоғары оқу орнына барады. Егер оқу ваучер құнынан қымбат болса, қалғанын өзі төлей алады. Егер жоғары оқу орнына бұл дарынды студент қажет болған жағдайда, мемлекет немесе ЖОО-ның өзі оған көмектеседі. Осы модель толықтай ойластырылғаннан кейін біз оны қарастыруға ұсынамыз», - деді министр.
Сондай-ақ министр жоғары оқу орындарының автономиясын енгізудің маңыздылығын да атап өтті.
«Біз бұл жүйені төрт жыл ішінде кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, мемлекеттік үлгідегі дипломдар жойылады. Тиісінше жоғары оқу орындары 2021 жылға дейін бейімделуге берілетін өтпелі кезеңнен кейін өзара қатаң бәсекелестік жағдайында болады. Жалпы, бұл жүйе толықтай ойластырылды және оның кейбір элементтері заңды түрде бекітілді», - дейді Е.Сағадиев.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді