• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Назарбаева: Жоғары оқу орындары мемлекеттік бюджеттің жүгін жеңілдетуі тиіс (ФОТО)

Д.Назарбаева: Жоғары оқу орындары мемлекеттік бюджеттің жүгін жеңілдетуі тиіс (ФОТО)

2 Сәуір, 2016 12:29
Қазақстанның жоғары оқу орындары автономды жүйеге көшіп, мемлекеттік бюджеттің жүгін жеңілдетуі тиіс. Бұл туралы бүгін елордадағы жоғары оқу орындарының ректорлары және профессорлық-оқытушылық құрамымен өткен кездесу барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева айтты.

«Үкіметтің міндеті – біздің университеттер мен институттардың еліміз, экономикамыз үшін мейлінше тиімді жұмыс істеуіне қол жеткізу. Жоғары оқу орындары өз қызметін барынша коммерцияландырып, мемлекеттік бюджеттің жүгін жеңілдетуі қажет. Бұл әділ деп есептеймін», - деді Дариға Назарбаева.

Оның атап өтуінше, мемлекет реттеуші, ол барлық жұмыстардың заңдылығын қамтамасыз етеді. Әрі мамандарды даярлаудағы басымдыққа ие бағыттарды айқындайды.

«Мемлекет гранттар, ваучерлер арқылы осы жағдайларды реттейді және қаржыландырады. Қалған жұмысты жоғары оқу орындары жасауы тиіс», - деді Премьер-министрдің орынбасары.

Д.Назарбаева атап өткендей, жоғары оқу орындарының автономиясы – бұл университетті, оның бюджетін, қаржыландыруды басқарудың нақты, ашық, демократиялық жүйесі.

«Бұл экономикадағы барлық процестермен үйлесудің нақты жүйесі. Сондай-ақ жоғары оқу орны бюджеті кірісінің айтарлықтай үлесі мемлекеттік бюджеттен тыс қаржыдан тұрады», - деп түйіндеді ол.

 

 

 

Барлық жаңалықтар