• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында 2013 жылдың соңына дейін бассейн мен дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады

Ақмола облысында 2013 жылдың соңына дейін бассейн мен дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады

19 Қараша, 2013 11:30
2013 жылдың соңына дейін Ақкөл ауданында бассейн, Атбасар ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Жыл сайын Ақмола облысының әр өңірінде кем дегенде екі спорттық нысан халықтың игілігіне ұсынылып отыратын болады. 2013 жылдың соңына дейін Ақкөл ауданында бассейн, Атбасар ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады», - делінген хабарламада.

Жалпы, бұқаралық спортты дамыту мақсатында биыл 2,6 млрд теңге бөлінген.

«140 млн теңгеден астам қаражат Жарқайың ауданының Державинск қаласындағы заманауи спорт кешені құрылысы мен қондырғыларын алуға бөлінген. Кешенде үлкен спорттық әр түрі бойынша үлкен спорт залдары, шынығу залы, спорттық хаттауға арналған бөлме бар», - делінген әкімдік хабарламасында.

Жоспар бойынша спорт кешені 2014 жылдың алғашқы жартысында іске қосылмақ.

Айта кету керек, бүгінде облыста 154 мың адам дене шынықтыру және спортпен айналысады, бұл жалпы тұрғындардың 21%-ы.

Барлық жаңалықтар